Бала тілінің қалыптасуы: қиындықтар мен шешу жолдары » ГККП "Ясли сад №101"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№101 бөбекжай-балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
+7(727) 252-89-82
Әдіскер:
+7(727) 252-38-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Бала тілінің қалыптасуы: қиындықтар мен шешу жолдары
19
қазан
2024

Бала тілінің қалыптасуы: қиындықтар мен шешу жолдары

Баланың сөйлеу әрекеті туа пайда болатын құбылыс емес, ол баланың физиологиялық, психологиялық тұрғыда дамуымен және қоршаған ортасының балаға әсерімен тікелей байланысты. Соңғы кезде балалар арасында дыбыстарды дұрыс айта алмау мәселесі көп кездеседі. Ғылымда бала тіліндегі мұндай кемшіліктердің өзіндік атаулары бар. С, з, ц, т, ж, г, щ әріптерін дұрыс айтпаудан сөздің бұзылуын сигматизм деп атаса, р әрпін айта алмауды сақаулық дейді. Ал лямбдацизм – л дыбысын дұрыс айтпау не басқа дыбыспен ауыстырып айту. Бала тілінің кемістігі туралы еңбектерде дауыс ырғағының бұзылуы және дыбысты дұрыс айта алмаудан сөздің түсініксіз шығуын быдықтық деп көрсеткен. Әлеуметтік желілерде жиі талқыланып жүрген дизартрия құбылысы – әріптерді дұрыс айта алмағаннан сөз көркемдігінің бұзылуы. Демек, дизартрия деп артикуляциялық сөйлеу мүшелерінің иннервациясының бұзылуын айтамыз. Бұл бөлімде тіл кемістігінің бір түрі осы дизартрия жайында талдау жұмыстары жасалады. Яғни қазақ тіліне тән ерекше дыбыстардың бірі «ң» дыбысын балалардың сөз қолданысында дұрыс айтылмай жүргендігі жан-жақты қарастырылады.
Ең алдымен баланың «ң» дыбысын айтудағы қиындықтарының себептерін ашып алған жөн. Тіл мүкістігінің пайда болуына көптеген себептер әсер етеді. Ең негізгі себептерінің бірі – баланың физиологиялық тұрғыда дұрыс қалыптаспауы. Баланың ауыз аппаратындағы кемістіктер (мысалы, тістің қисық шығуы, таңдайдың, тілдің жырық болып туылуы, т.б.) бала тіліндегі кейбір дыбыстарды дұрыс айта алмауына себеп болады. Сонымен қатар жүйке жүйесінің зақымдануынан да сөздің бұзылуы мүмкін (мысалы, миға қан құйылу). Бала тілінің дұрыс қалыптаспауының тағы бір жағы бар. Ол - баланы дұрыс тәрбиелемеу, яғни ата-анасының не бала бақшадағы тәрбиешісінің баланың жастайынан қалай сөйлей бастағанына көңіл аудармауы. Бұл мәселенің де өзіндік қырлары бар. Бірі – ата-ана өзге тілді, көбіне орыстілді болуы, екіншіден, қазақтілді ата-ананың сөздік қоры тапшы, сөйлем құрылысы ретсіз, ойы тияқсыз болуы. Үшіншіден, ата-ананың баламен балаша қарым-қатынасқа түсуі. Яғни тілі анық шықпаған баламен балаға ғана түсінікті тілмен коммуникация жасау. Ата-ананың дұрыс тәрбие бермеуінен кеткен бұндай олқылықтарды логопед-дәрігерлер қалпына келтіреді немесе реттейді. Баланың физиологиялық, психологиялық жағынан дамуы әрбір ата-анаға байланысты. Ең алдымен әрбір ата-ана өз қазақ тілінде емін-еркін сөйлеуі керек. Сонда ғана баланың тілі анық әрі таза болмақ.