«Театрдың ғажайып әлемі» » ГККП "Ясли сад №101"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№101 бөбекжай-балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
+7(727) 252-89-82
Әдіскер:
+7(727) 252-38-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Театрдың ғажайып әлемі»
18
ақпан
2025

«Театрдың ғажайып әлемі»

Алматы қаласы, Жетісу ауданы, КМҚК «№101 бөбекжай-балабақшасында» V қалалық мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілер мен педагогтеріне арналған «Театрдың ғажайып әлемі» байқауы өтті.«Театрдың ғажайып әлемі» байқауының негізгі мақсаты — мектеп жасына дейінгі балалардың бойына ұлттық құндылықтарды театр мәдениеті арқылы қалыптастыру, дарынды педагогтер мен балаларды анықтау, дамыту және қолдау.Бұл байқауда балалар «Ай мен жұлдыз» ертегісін сахналап, көрермендерді сиқырлы әлемге жетеледі. Кішкентай әртістердің өнері жүрекке жылу сыйлап, олардың шынайы бейнесі көрермендерді тәнті етті. Шығармашылықпен өрілген қойылымдары көрермендердің көңілінен шығып, әділқазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.Осы байқау аясында «№101 бөбекжай-балабақшасы» аудандық деңгейде Бас жүлдеге «Гран-При» ие болды. Қалалық деңгейде құрметті «II-ОРЫНДЫ» иеленіп, өз білім ошағының мерейін үстем етті. Бұл жетістік меңгеруші мен тәрбиешілердің кәсібилігі мен балғындардың өнерге деген сүйіспеншілігінің айқын көрінісі.