БАЛАНЫҢ ДАМУЫНА КІТАП ОҚУДЫҢ ПАЙДАСЫ ТУРАЛЫ » ГККП "Ясли сад №101"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№101 бөбекжай-балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
+7(727) 252-89-82
Әдіскер:
+7(727) 252-38-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » БАЛАНЫҢ ДАМУЫНА КІТАП ОҚУДЫҢ ПАЙДАСЫ ТУРАЛЫ
22
қаңтар
2025

БАЛАНЫҢ ДАМУЫНА КІТАП ОҚУДЫҢ ПАЙДАСЫ ТУРАЛЫ

Оқу баланың сөздік қорын байытады.
• Күнделікті оқу баланы тез оқуға және оқығанын түсінуге жаттықтырады.
• Оқи алмайтын нәрсесін бала түсіне алмайды.
• Баланы кішкентай күнінен кітап оқуға баулу оның болашақ акаде миялық көрсеткіштеріне, өмірдегі жетістіктеріне әсер етеді.
• Неғұрлым көп оқысаңыз, соғұрлым оқу сауаттылығыңыз жоғары болады. Бұны ешкім теріске шығара алмайды. «Мэтью әсері» атымен танымал бұл үрдістің мәні – бала неғұрлым ерте оқи бастаса, болашақта баланың алғашқы жетістіктері мен жеңістерін соғұрлым ерте көруге болады. Сондай-ақ, неғұрлым кеш оқи бастаса, соғұрлым мәтінді түсіну, бір нәрсеге ойын шоғырландыру, жұмысын тыңғылықты атқаруда да кемшіліктер орын алатын болады.
• Баланы кішкентай кезінен кітап оқуға баулу баланың тәуелсіз, өз-өзіне сенімді болып өсуіне септігін тигізеді.
• Бала оқу арқылы айналасын жаңаша танып-білуге мүмкіндік алады.
 • Оқу балаға оны қоршаған айналасын дұрыс және оңай түсінуге көмектеседі.
• Оқу баланы қауіпті жағдайдан құтқара алады. Мысалы, бала «у», «тоқта», «кіруге болмайды», «қауіпті!», «қабаған ит, сақ болыңыз!» т.б. ескертуші белгілерді оқи алса, қауіп көзінен сақтана алады.
 • Оқу баланың білімін толықтырады. Неғұрлым көп оқысаңыз, соғұрлым көп білесіз. Кітаптар мен әңгімелер баланың миын білімге толтырады.
• Кітап оқу баланың қиялын ұшқырлай түседі: қиял баланы бұрын өмірінде болмаған жерлерге жетелей алады.
 • Кітап оқу баланың ой-өрісін кеңейтеді, жаңа ашылуларға, идеяларға итермелейді. Кітап арқылы бала жаңа жерлерді, жаңа дүниелерді таниды, жаңа оқиғалар туралы, жаңа ғылымдар мен адамдар туралы біледі. Осының бәрін кітап оқу арқылы білуге болады. Балаларға кітап оқу не үшін қажет? 7
 • Оқу – бұл уақыт өткізудің тиімді жолы, хоббидің бір түрі. Кітап оқу қызық. Ойланып көріңізші: балаңыздың кітап оқығаны жақсы ма, әлде теледидар алдында отырғаны жақсы ма?
• Оқу демалуға мүмкіндік береді.
• Оқу арқылы жазу дағдысы да дамиды. Дауыстап оқу жазу сауаттылығын арттырады, тілді жетілдіруге көмектеседі.
• Оқу ауызша сөйлеу мен коммуникативтік дағдыларды дамытады.
 • Күнделікті кітап оқуға машықтанған бала байсалды, салмақты, сабыр лы, шыдамды болып өседі.
 • Оқу қиялдауға негіз болады.
• Балаларға дауыстап кітап оқу, баламен бірге кітап оқу ата-аналарға баламен көбірек уақыт өткізуге мүмкіндік береді.
• Кітаптағы оқиғалар әуесқойлық тудырады. Бала көбірек білуге талпынады, ізденімпаз болады.
• Кітаптар шабыттандырады, қиялдауға, жаңа ойларға жетелейді, ойландырып, толғандырады.
• Әртүрлі тақырыптар аясында кітаптар оқудың нәтижесінде бала ойын еркін жеткізетін болады.